Александр Седнев: «Біз өз күшімізге сенімдіміз»

16.05.2022, 17:45
Шымкенттік клубтың сырт алаңда өтетін ойындарда жолы болмауда.
Александр Седнев: «Біз өз күшімізге сенімдіміз»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Шахтёрға» қарсы өткен ойын (1:0) жайлы пікірін айтты

- «Шахтёрды» жеңісімен құттықтаймын. Өкінішке орай, біздің сырт алаңдағы ойындарда жолымыз болмауда, гол соқпай оң нәтижені күту қиын. Менің футболшыларым шабуылға шығып, жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір бізде кадрлық шығын орын алуда, біз бұл мәселені жабуға тырысудамыз. Өз ойыншыларыма ризамын, себебі көбісі өздерінің позицияларынан тыс жерде өнер көрсетуде. Бірақ, біз өз ойын өрнегімізден алыстамадық. Бұл біз үшін өте қиын кезең, бәлкім тәжірибе жетіспегеннен осылай болған шығар, алайда біз өз күшімізге сенімдіміз. Мен бұл жерде байбалам салатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ, бұл жай ғана жайсыз сәттер. Бұл жағдайға оң көзқараспен қарап, ұнамды нәтижелерге қол жеткізу үшін барлығын жасайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×