Александр Седнев: «Біз жігіттердің өз қабілеттерін жоғалтпай, осы деңгейге үйренісуі үшін жұмыс жасаймыз»

09.08.2021, 22:53
«Ордабасының» «Шахтермен» болатын кездесуі кейінге шегерілгендіктен, жолдастық матчтар өткізді.
Александр Седнев: «Біз жігіттердің өз қабілеттерін жоғалтпай, осы деңгейге үйренісуі үшін жұмыс жасаймыз»

«Ордабасының» бас бапкері «Оқжетпеске» (2:2) және «Оңтүстік Академиясына» қарсы (6:2) өткен жолдастық кездесулер жайлы пікірін айтты:

- Біз бұл кездесулерді дайындық ретінде және жастарымызды ойын жағдайында тексеру үшін қарастырдық. Мен жігіттердің қатты тырысқандарын көрдім, олардың өздерін көрсеткісі келгендері байқалды. Бұл өте маңызды әрі оң нәрсе, алайда әлі көп жұмыс істеп, өсіп, жаңа деңгейге шығу қажет. Меніңше, көбісі мүмкіндікке ие болады, бірақ оларға өздерінің тұрақтылықтарын көрсету керек, бұл қалыпты жағдай. Біз қаласақ та, қаламасақ та осы жолмен жүреміз. Ойыншылар мұның жергілікті жігіттерге таптырмас мүмкіндік екенін түсінулері қажет, барлығы өздеріне байланысты. Қазір жасалып жатқан барлық жұмыс болашаққа арналған және осы тәжірибе алдағы уақытта керек болады. Біз жігіттердің өз қабілеттерін жоғалтпай, осы деңгейге үйренісуі үшін жұмыс жасаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×