Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Премьер-лиганың екінші турында «Таразбен» болған ойын (0:1) жайлы пікір білдірді
— Маған тек «Таразды» жеңіспен құттықтау ғана қалып тұр. Нақтырақ айтқанда, алғашқы тайм біз үшін сәтсіз болды. Оң нәтижеге қол жеткізуге екінші таймда көрсеткен белсенділігіміз жеткіліксіз болды. Бірінші таймда алаңға үйреністік деп айта алмаймын, ол екі команда үшін де бірдей болды. Бірақ мен неліктен біздің осындай ойын мәнерін таңдағанымызды түсінбеймін, қысқа және орта деңгейдегі пастармен ойын көрсетуге тырыстық, бұл сырт көзге ебедейсіз көрінді. Мұның соңы қақпамызға соғылған голға алып келді, бұл меніңше алаң иелерінің айқын артықшылығы болды.
Екінші таймда біз қалай ойнау керектігін түсіндік және футболшыларымыз қарсыласқа қысым көрсету арқылы өз күштеріне сенімді болды. Алайда, допқа иелік ету әрдайым артықшылыққа жата бермейді. Бізге қорытынды соққы ғана емес, соңғы пас та жетіспеді. Оған асығыстығымыз бен алаң сапасы және ең бастысы біздің шеберлігіміз кінәлі. Біз дұрыс шешім шығарып, ойынды жақсартамыз деп ойлаймын.
Біздің серіктес: FONBET