Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Тұранмен» болған ойын жайлы пікірін айтты:
- Мұндай ойындардан соң айтар сөз де болмайды, өте маңызды стратегиялық матчта жеңіліс таптық, дербиде ұтылдық. Негізгі кінә, құрам жағынан да, жаттығу жағынан да, әрине менде. Мұнда екінші нұсқа жоқ, біз байбалам салмай, алға жылжу үшін біраз нәрсені талқыға саламыз деп сенемін. Өз алаңымызда, бізге бірінші таймда ойнағандай өнер көрсетуге болмайды. Мен өз футболшыларымды да, командамды да танымадым. Соңғы кездері көбісі өздерінің жеке шеберліктеріне сенім артып матчты жеңгісі келеді, алайда бұл сәтсіздікке ұшыратты. Қалыпқа келуге тырысамыз, команданың бейнесі қиындықта көрінеді, сол себепті кім екенімізді көретін боламыз.
Біздің серіктес: FONBET