Александр Седнев: «Гол соғу үшін жеткілікті сәттер жасадық, алайда оларды пайдаланбадық»

28.09.2021, 15:57
Шымкенттік клуб ұпай саны бойынша төртінші орында тұрған «Қызыл-Жармен» теңесті.
Александр Седнев: «Гол соғу үшін жеткілікті сәттер жасадық, алайда оларды пайдаланбадық»

Шымкенттік команданың бапкері Александр Седнев «Ордабасы» - «Каспий» (1:1) матчы жайлы өз ойын ортаға салды:

- Екі команда да жеңіс үшін ойнаған жақсы кездесу болды. Бірінші таймда қарсылас алаңдағы басымдыққа ие болды, бірақ екі команданың қақпасының маңында қауіпті сәттер көп болды дей алмаймын. Жалпы болған мүмкіндіктердің барлығы голға айналды. Екінші таймда біз агрессивті түрде ойнадық, гол салу үшін жеткілікті сәттер жасадық. Алайда, оларды пайдаланбадық. Әзірге мүмкіндікті пайдалану мәселесі қиындық тудырады және бұл біз үшін ащы тақырып. Бірақ осыған қарамастан мен өз ойыншыларыма жанын салып ойнағандары үшін алғыс білдіремін, біз қазіргі сәтте қалай ойнай алатын болсақ, солай өзімізді көрсеттік және жеңіске жету үшін барлығын жасадық, бұл үшін оларға ерекше құрмет көрсетуге болады.

Көшбасшыларға қарсы сырт алаңдағы ойынға дайындалып, оң нәтиже үшін барымызды салуға тырысамыз. Дәстүрлі түрде жанкүйерлерімізге рахмет айтамын. Әлбетте, өз үйімізде ойнап, күшіміз азайғанда жанкүйерлерімізге жүгіну өте керемет сезім, олар бізге қосымша қуат береді. Оларды жеңіспен қуантқымыз келді, алайда тағы бір дәл соққы жетіспеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×