Александр Седнев: «Кейде өмірде жеңіліс жеңіске қарағанда көбірек пайда әкеледі»

08.05.2022, 17:11
Шымкенттік клуб соңғы минутта бір ұпайды уысынан шығарып алды.
Александр Седнев: «Кейде өмірде жеңіліс жеңіске қарағанда көбірек пайда әкеледі»

«Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седнев «Астанамен» болған ойынды (1:2) қорытындылады:

- Қарсыластарды жеңісімен құттықтаймын. Мен өз ойыншыларыма беріліп ойнағаны үшін үлкен рахмет айтқым келеді, біз біртұтас командамыз және жанкүйерлерімізді шынымен бағалаймыз. Олар біздің қосымша ойыншымыз деп бекер айтқан жоқпын, бізге үйде ойнау оңай. Тіпті сәтті өтпейтін матчтар да біздің жанкүйерлерімізге қосымша күш береді.

Матчтың өзіне келетін болсақ, әрине, соңында жеңілу өте өкінішті. Қазір болашаққа арналған команда құрылып жатыр деп сенемін, қалай болғанда да біз ешқашан есепті ұстап тұру және уақытты созу үшін ойнамаймыз, шабуылдауға тырысамыз. Бұл жас ойыншылар үшін үлкен мектеп, біз өте шебер ойыншылармен, өте күшті қарсыластармен ойнадық, бірақ соған қарамастан, біз қорықпай, өз аргументтерімізді жеткізген сияқтымыз. Әділ есеп қандай болатынын айтқым келмейді, бірақ кейде өмірде жеңілістің жеңіске қарағанда әлдеқайда көп пайда әкелетін кезі болады. Қанша кереғар болса да, нәтижеге жету үшін біз енді бұдан да күштірек болуымыз керек. Мұны барлығы жақсы түсінеді деп үміттенемін және алдағы уақытта бірлескен жұмысты асыға күтемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×