Александр Седнев: «Ойын басындағы қызыл қағаз матчқа өз әсерін тигізді»

02.08.2021, 17:13
Қақпашы Бекхан Шайзада айып алаңның сыртында қолмен ойнағаны үшін небәрі екінші минутта алаңнан қуылды.
Александр Седнев: «Ойын басындағы қызыл қағаз матчқа өз әсерін тигізді»

Шымкенттік клубтың бас бапкері «Ордабасы» - «Қызыл-Жар» ойыны (0:1) жайлы пікірімен бөлісті:

- Пікір айту қиын. Өздеріңіз түсінгендей, ойыншымыздың кездесу басындағы алаңнан қуылуы матчқа өз әсерін тигізді. Қарсылас қақпамызға қысым көрсетіп, допқа көбірек иелік етті. Әсіресе стандарттық жағдайларда, алайда біздің де мүмкіндіктеріміз болды, үміт күттірген шабуылдар мен стандарттық жағдайлар да орын алды. Қарсылас айып добынан тамаша гол соқты, ал біз мұны жасай алмадық. Бірақ мен футболшыларыма бүгін оң нәтижеге қол жеткізу үшін жасаған жұмысына алғыс айтамын, алайда қолдан келмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×