Александр Седнев: «Оңтүстік дербиге сай ойын болды»

17.04.2022, 16:26
Бұл ойында қауіпті сәттер өте аз болды.
Александр Седнев: «Оңтүстік дербиге сай ойын болды»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Тұранмен» болған ойын (0:0) жайлы пікір білдірді:

- Өте ауыр ойын, оңтүстік дербиге сай десек те болады. Әрине, қауіпті сәттер аз, ал күрестер көп болды, өкінішке орай қателіктер де жетерлік. Біздің мұндай алаңға жылдам үйренісуіміз қиынға соқты, біз үшін бұл күтпеген жағдай болды, алайда мен алаңның сапасы өте жақсы екенін айтқым келеді.

Қарсыласымыз ойын соңына қарай қауіпті ойнап, қақпа маңында қиындық туғызды, соның салдарынан бірнеше сәттер орын алды. Өкінішке орай, біз кейбір сәттерде өзімізді жоғалтып алдық және доптан себепсіз айырылып жаттық. Бүгін біз бір ұпайға ие болдық деп есептейміз. Енді өзімізді ретке келтіріп, сабырға келіп, өз мүмкіндігіміз бен алдағы үйде болатын ойындарға дұрыс жағынан қарауымыз қажет. Ойынға келген жанкүйерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Біз олардың көрсеткен қолдауларын сезіндік және бұл бізге өз септігін тигізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×