Александр Седнев: «Ордабасы» - жыл сайын еурокубокте ойнауға лайық команда»

02.11.2021, 01:36
Биыл «Ордабасыға» төртінші орын алу үшін сәл ғана сәттілік жетіспеді.
Александр Седнев: «Ордабасы» - жыл сайын еурокубокте ойнауға лайық команда»

«Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седнев осы маусымды қорытындылады:

- Футболшыларға жоғарғы дәрежеде өнер көрсеткендері үшін үлкен алғыс білдіремін. Біздің командамыз ағымдағы маусымда біршама өзгерістерді бастан өткерді. Бірақ ойыншыларымыз ештеңеге қарамастан, ойында да, жаттығуда да бар күштерін салды, олар тек мақтау сөздерге лайық деп білемін. Мен өзімнің бапкерлік штабыма, команданы кездесулерге дайындауға көмектескен жандарға рахмет айтқым келеді. Адал жанкүйерлерімізге де мың алғыс, ал Шымкенттен тыс жерлерге келіп қолдаған адамдарға ерекше рахмет айтамын, олар команданы керемет қолдады, тіпті жеңілістен кейін де футболшыларға тек алғыс сөздерін айтып жатты. Сонымен қатар көрермендеріміздің біздің жергілікті Қажымұқан стадионындағы өте әсерлі қолдауларын да атап өткім келеді, бұл біз үшін өте қымбат.

Мүмкін біздің қолымыздан кейбір нәрселер келмеген шығар, бірақ шынына келсек, команда еуропалық жарыстарға әлі дайын емес. Меніңше егер командада барлығы жақсы болса, көптеген сыбыстар мен пікірлерге қарамастан бұл клуб маусым сайын еурокубоктерге қатысуға лайық. Бұл үшін 1-2 адамның ойы емес, баршаның шынайы құлшынысы керек. Маған «Ордабасыны» сеніп тапсырғандарына және бізге соңына дейін сеніп, қолдау көрсеткендерге алғыстан басқа нәрсе айтпаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×