Александр Седнев: «Шымкенттегі жауапты ойында оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз»

10.07.2022, 16:44
Шымкенттік клубтың бапкері «Қайратқа» еурокубок ойындарында сәттілік тіледі.
Александр Седнев: «Шымкенттегі жауапты ойында оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Қайратқа» қарсы өткен кубоктік ойын (2:0) жайлы пікір юбілдірді:

- «Қайратты» лайықты әрі күмәнсіз жеңісімен құттықтаймын. Біздің орындауымыздағы алғашқы тайм сәтсіз болды. Қарсыласымыз агрессивті ойын ұсынып, гол соқты, бірінші таймда алаңда болған жайттарға байланысты біз тағы да гол өткізе алар едік. Екінші таймда ауысымдар арқылы жақсы жағымыздан көрінеміз деп ойладым, алайда құлшыныстан басқа ештеңе көрінбеді. Бұл сәтте біз жеңілісті сабақ әрі салқын душ ретінде қабылдаймыз және жақын арада мұны дұрыстауға тырысамыз.

Футболшылардың барын салғандарына, ойын тұрғысынан жеке наразылығым жоқ, бұл жағдайда кінәні өз мойныма аламын. Бірқатар жеңістерден кейін команда эмоционалды түрде күйзеліске ұшырады, мен мұны түсіндім, бірақ кей жерде команданы ойын тұрғысынан жас ойыншылармен толтыруға батылым жетпеген шығар. Мен жас ойыншыларды ойынға үлкен топпен емес, нақты бағытта енгізгім келді, осылайша оларды қоршап тұрған, азды-көпті тәжірибесі бар футболшыларға бейімделу оңайырақ болады. Бірақ бәрібір, қайталап айтамын, бұл бізге сабақ болды және мен матчтың өзі сапалы болмаса да, жоғары қарқынмен өткеніне қуаныштымын. Бізбен бірге Шымкенттен келіп, жақсы атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Меніңше, екі команданың арқасында кездесу қызықты өтті. «Қайратқа» еурокубоктік ойындарда жақсы өнер көрсетуіне шын жүректен тілектеспін, ал біз жауапты ойынды Шымкентте өткіземіз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×