Александр Седнев: «Тең есепке разымыз деп айта алмаймын»

19.09.2021, 16:56
«Ордабасы» соңғы минуттарда бір ұпайға ие болды.
Александр Седнев: «Тең есепке разымыз деп айта алмаймын»

Шымкенттік "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев "Тұранмен" болған матчты (1:1) қорытындылады:

- Ұрысқа толы ойын және нәтиже заңды болып табылады. Екі команда да жеңіске жеткісі келді, сол себепті біз мұндай матчта есе жібере алмадық. Эстетикалық ойын бола қоймады, матч талас-тартысқа толы болды. Кездесудің маңызды сәттерінде бізді қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар мен пенальтиді қайтарған Бекхан Шайзада құтқарды. Сол үшін мен тең есепке разымыз деп айта алмаймын, бірақ нәтиже ойынға сай болған секілді. Кезекті мәрте мен бізбен бірге көптеген шақырымды артқа тастап, Шымкенттен келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, олардың реакцияларына қарағанда, олар біздің ұтылмайтынымызға өте қатты сенді. Оларға және біздің бүгінгі матчқа келе алмаған басқа да жанкүйерлерімізге рахмет айтамын. Біз олардың үміттерін ақтамағанда өте өкінішті болар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×