Александр Точилин: “Бахтиер Зайнутдинов “Динамоға” ауысса, екі тарапқа да өте тиімді болар еді”

07.07.2025, 15:00

Мәскеудің "Динамо" клубының аңызы Александр Точилин Бахтиер Зайнутдиновтың "Динамоға" ауысуы туралы пікір білдірді.

Александр Точилин: “Бахтиер Зайнутдинов “Динамоға” ауысса, екі тарапқа да өте тиімді болар еді”

"Егер Бахтиер “Динамоға” ауысатын болса, бұл  команданың күшеюі деген сөз. Себебі ол сапалы ойыншы, шын мәнінде деңгейі туралы ешқандай күмән тудырмаған футболшы. Әсіресе, "ЦСКА” құрамында Зайнутдинов бірнеше позицияда ойнай алатын әмбебаптығымен көзге түсті. Және ол әлі де дамып, шеберлігін арттыра алады деген сенімдемін.

Екіншіден, оның трансфері бас бапкердің бастамасы болуы әбден мүмкін. Карпин Бахтиердың мықты қырларын қалай тиімді пайдалану керектігін жақсы біледі. Оның үстіне, Зайнутдинов РПЛ-ға толық бейімделген. Иә, Түркияда күткендей жарқырай қоймаған шығар, бірақ Түркия Суперлигасы оңай турнир емес. Сол қиындықтардың өзі оны тәжірибелі етіп шыңдады. Менің ойымша, бұл трансфер барлық тарапқа тиімді болмақ.” – деді Точилин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×