Александр Заруцкий “Қайратта” кідірмейтін болды

Тәжірибелі қақпашы Алматы ұжымының алдағы жоспарына кірмей қалды.

Александр Заруцкий “Қайратта” кідірмейтін болды

32 жастағы қақпашы осы жылдың соңында келісім шарты аяқталысымен еркін агент атанады. “Қайраттың” Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетуіне зор үлес қосқан қақпашы Уразбахтин бастаған бапкерлік штабқа керек болмай қалыпты.

Барлығына Александрдың алған жарақаты болуы мүмкін. Неге десеңіздер, Заруцкий қатардан шыққан сәттен бастап, бастапқы құрамға еңген Темірлан Анарбеков өзін жақсы қырынан көрсетті. Тіпті ел құрамасына шақыртыла бастады. Осы себептен, “Қайрат” командасы жаңа маусымда да Темірді негізгі құрам қақпашысы ретінде алаңға шығармақ. Ал Заруцкийдің Алматыдағы шытырман оқиғасына осымен нүкте қойылды.

Айта кетейік, Александр сары-қаралар сапында жалпы алғанда 24 матч өткізіп, 18 гол жіберді, және 8 құрғақ ойын тіркеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×