Алексей Бага «Ақтөбенің» бас бапкері болуға жақын

18.11.2020, 21:00
Қазіргі клубымен қоштасып үлгеріпті.
Алексей Бага «Ақтөбенің» бас бапкері болуға жақын

Литвалық "Жальгирис" клубының бас бапкері "Ақтөбені" жаттықтырады, деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет.

"Беларуссиялық маман Алексей Бага бүгін литвалық "Жальгирис" ойыншыларымен қоштасты. Күні кеше чемпион болғанына және Чемпиондар лигасына жолдама алғанына қарамастан, ол клубтан кетті.

Бұған дейін ол Мәскеудегі "Ақтөбе" клубының өкілдерімен кездесу өткізді, онда тараптар бәрін келісіп алды. Бірақ ресми түрде клубтың қамқоршылар кеңсесінде Баганың кандидатурасы бекітілгеннен кейін ғана жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, "Ақтөбе" клубы биыл Премьер-лигаға жолдама алған еді. Және келесі жылы еурокубок жолдамасы үшін күресетен болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×