Алексей Бага: «Мен команданың агрессивті футбол ойнағанын қалаймын»

17.02.2021, 02:46
Бага шәкірттері кеше «Динамо 2» клубына есе жіберді.
Алексей Бага: «Мен команданың агрессивті футбол ойнағанын қалаймын»

«Ақтөбе» клубының бас жаттықтырушысы Алексей Бага «Динамо-2» командасымен болған кездесу (1:2) туралы пікір білдірді:

- Біріншіден, шабуылды аяқтар тұста бізге агрессия жетіспегенін атап өткім келеді. Ойыншылар қарсыластың айып алаңында дұрыс қимылдамады және бұл сәйкесінше нәтиже әкелмеді. Мен қарсыластың айып алаңында неғұрлым агрессивті қимылдап, қарсыластың қорғанысы қысымға ұшырайтындай етіп, доптың сол жерде жиі болғанын қалаймын. Кешегі ойын менің ойлағанымдай болмады. Кейбір сәттерде жақсы ойнадық, бірақ қателіктер бірінен соң бірі орын алды.

Біз алдағы уақытта осы қателіктер бойынша жұмыс істейміз. Біз шабуыл шебінде барынша агрессивті ойнауымыз керек. Әрине, қорғаныс шебіндегі өзгерістер әсер етті, ойыншыларды ауыстыруға мәжбүр болдық, қаралымда жүрген ойыншыларға мүмкіндік бердік. Бұл қалыпты жағдай. Әрине, наразылықтар бар. Жеке қателіктер және командалық қателіктер те орын алды. Бірақ мен тағы да айтамын - жағдайдың осылай болуы заңдылық. Біз ойыншыларды осындай матчтарда бақылағымыз келеді. Сондықтан жұмыс жасап, ары қарай жылжу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×