Алексей Попов Қазақстанның ең үздік ойыншысын атады

03.01.2026, 18:53

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов отандық футболдың жаңа жарық жұлдызы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Алексей Попов Қазақстанның ең үздік ойыншысын атады
Алексей Попов

Оның пікірінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік футболшысы атағына тек бір ғана ойыншы лайық.

Попов Ресей чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Қазақстандық легионерлердің тұрақсыздығын сынға ала отырып, нағыз таланттың қазір Қазақстан біріншілігінде доп теуіп жүргенін алға тартты. Ол — небары жас болса да, Еуропалық скауттардың көзіне түскен Дастан Сәтпаев.

"Шынымды айтсам, мен Ресейде ойнайтындардан бөлек қазақ футболшыларын көп тани бермеймін. Бірақ Ресейдегілер, өкінішке қарай, тұрақты емес. Ал ең үздік ойыншы қазір Қазақстанда ойнап жүрген Дастан Сәтпаев деп ойлаймын.” — деді Попов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Алексей Попов Дастанның болашағына зор сеніммен қарайды. Оның пікірінше, “Челсидің” оны қатарға қосуы жайдан-жай емес.

"Ол өте жас, бірақ қазірдің өзінде "Челсидің” ойыншысы. АПЛ командаларының назарын аударуы тегін емес.” — деп түйіндеді сөзін ардагер футболшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×