Алексей Щеткин Акмаль Бахтияровтың командасына қос гол соқты

01.11.2021, 01:19
Оның голдары командасына бір ұпай әкелді.
Алексей Щеткин Акмаль Бахтияровтың командасына қос гол соқты

ФНЛ-дің 20-шы турында «Олимп-Долгопрудный» мен Волгоградтық «Ротор» тең ойнады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бақтияров «Олимп-Долгопрудный» командасының негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. Қазақстан құрамасының және «Ротор» клубының шабуылшысы Алексей Щеткин кездесуді қосалқы құрамнан бастап, екінші таймда алаңға шықты. Ол 58 және 78 минуттарда гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады.

20 турдан кейін «Олимп-Долгопрудный» турнирлік кестеде 14-ші, ал «Ротор» 13-ші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×