Алексей Щеткин «Ротор» клубымен келісім-шартқа отырды

16.07.2021, 03:51
Щеткин енді волгоградтық клубты РПЛ-ге қайта алып шығу үшін тер төгетін болады.
Алексей Щеткин «Ротор» клубымен келісім-шартқа отырды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин "Ротор" клубына қайта оралды. 30 жастағы футболшының волгоградтық клубпен келісім-шарты 1+1 жүйесі бойынша жасалды.

Щеткин "Ротор" клубына осы жылдың басында қосылған еді. Өткен маусымда шабуылшы "Ротор" сапында бес матч өткізіп, екі гол соқты. Ал оның командасы маусымның қорытындысы бойынша ФНЛ-ге түсіп қалды.

Бұған дейін Щеткиннің "Уфа" клубымен келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын. Одан бөлек, өзбекстандық "Турон" клубы да Алексейге қызығушылық танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×