Алматылық "Қайрат" бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында "Жетісуға" қарсы матч жайлы пікірін білдірді.
– Алексей Николайұлы, алғашқы жеңісіңізбен құттықтаймыз!
– Құттықтауларыңыз үшін рақмет! Ия, шын мәнінде қиынға соққан өте маңызды жеңіс болды. Барлығы жағдайды көрді, біріншіден, маусымның басы болғандықтан барлығы қобалжыды. Сонымен қатар біз маусымды чемпион деген атпен бастаймыз – бұл екі есе жауапкершілікті талап етеді. Ауа-райы да маңызды рөл ойнады, алаң өте жұмсақ болды. Өкінішке орай, екінші таймның басында бізге тағы да қызыл қағаз берілді. Біздің матчқа нұр-сұлтандық төрешілердің неге қызмет ететінін түсінбеймін. Шушеначевті тек қарсы шабуыл кезінде тоқтатып қана қоймай, аяғынан да тепті. Артур ауыр жарақат алды, ал біз өте маңызды ойыншымыздан айырылдық. Төреші бұл жағдайда қызыл қағаз көрсетпеді. Осындай шешімдер матчтың қорытындысына әсер етеді. Менің жігіттерім керемет мінез көрсетті. Олар лайықты жеңіске жетті.
– Артур Шушеначевтің жарақаты қаншалықты ауыр?
– Бүгін кешке көреміз. Артурда өте үлкен және ауыр ісік бар. Сондықтан МРТ жасаудың мәні жоқ.
Біздің серіктес: FONBET