Бұл туралы “ЖаркOFF” телеграм-арнасы жазып отыр.
Журналист Македониямен болатын бүгінгі матч алдында Алексей Шпилевский ел құрамасын жаттықтыруы мүмкін деген инсайд ақпаратпен бөлісті.
Қайраттың экс-бапкерінің өзі бұл идеяға қарсы еместігін жеткізіпті. Ол “Пари НН” комаднасымен бірге, құраманы да бір толқында ұстауға әзір екен. Бастысы бапкер Қазақстан тарапынан қызығушылық болуы керектігін алға тартты.
Еске салсақ, Алексей Шпилевский “Қайрат” командасын 2018 бен 2021 жылдар аралығында жаттықтырды. Оның тізгінінде алматылықтар 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды.