«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында «Тобылмен» болған матч (3:3, пенальти бойынша - 2:4) туралы пікір білдірді.
- Сіз ойынды үш орталық қорғаушымен бастадыңыз. Бұл дайындық па, әлде қарсылас секілді ойнау әрекеті ме?
- Біз мұндай ойынды оқу-жаттығу жиынында өткіздік, жоспарладық. Өкінішке орай, алғашқы 30 минутта бұл жүйе біз ойлағандай болмады, сондықтан оны өзгертуге бел будым. Осыдан кейін алаңда тек бір команда ғана ойнады, дегенмен біз «Тобылға» құрмет көрсетуіміз керек. Олардың бізді жеңуге деген үлкен құлшынысы болды. Егер матчты түгел қарасаңыз, бізде қанша мүмкіндік болғанын көресіз, сондықтан жеңуіміз керек еді. Көңілім қалды, бірақ мен матчқа риза болдым. Жігіттер біз талап еткен ойынды көрсетті. Алғашқы жарты сағат мен ойлағандай болмады. Көрермендер көргісі келген нәрсені, яғни көп голға куә болды. Стадион да, атмосфера да керемет болды. Бұл қазақстандық футбол үшін өте жақсы жарнама болды.
- Трибунадан Поляковтың құлауы өте қорқынышты болып көрінді. Ол жарақат алды ма?
- Жарақат онша ауыр емес, кішкене мидың шайқалуына байланысты оны ауыстыруға тура келді. Бәрі жақсы, біз алға қарай жүруді жалғастырамыз. Бізде бір жарым күннен кейін келесі матч бар. Онда жеңіске жету үшін ойнаймыз және 13 наурызда біз чемпионаттың алғашқы турын өткіземіз.
- Командаға үш күнде екі ресми матч өткізу қаншалықты қиын болады?
- Біз осыған дайындалдық. Біздің жаттығу жиында да осындай режим болған. Біз әр қарсыласқа қысым көрсетіп ойнағымыз келеді. Барынша беріліп ойнаймыз, мен бұл жерден қорқынышты ештеңе көріп тұрған жоқпын. Жігіттер дайын. Құрам өзгереді, бүгін ойнамаған ойыншылар алаңға шығады.
Біздің серіктес: FONBET