Алексей Шпилевский: «Мен жігіттерге бізді ешкім де, ештеңе де өлтірмейді деп айттым»

30.04.2021, 15:48
Соңғы үш матч бойы жемістің дәмін сезбеген алматылық ұжым «Ордабасыны» еш қиындықсыз жеңді.
Алексей Шпилевский: «Мен жігіттерге бізді ешкім де, ештеңе де өлтірмейді деп айттым»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Премьер-лиганың сегізінші турындағы «Ордабасыға» қарсы өткен ойын (3:0) туралы пікір білдірді:

- Барлығын жеңіспен құттықтаймын! Ойын туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Киім ауыстыру бөлмесінде мен жігіттерге бізді ешкім де, ештеңе де өлтірмейді деп айттым, олар алаңға шығып осыны дәлелдеді. Мен оларды мақтан тұтамын, ойыншылар тактикалық, физикалық және психологиялық тұрғыдан біз сұраған барлық нәрсені 100 пайызға орындады. Жігіттер соңғы турлардағы нашар нәтижеге дұрыс реакция танытты.

Біз енді демалуға мүмкіндік алдық және өз ойынымызбен мақтана аламыз, ал ертең өзімізді қалыпқа келтіріп, сырт алаңда өтетін қиын матчқа дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×