Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилвеский Ресей премьер-лигасы клубының назарына ілікті, деп хабарлайды «Инсайды от Карпа» телеграм арнасы.
Дереккөздің хабарлауынша, 32 жастағы беларуссиялық бапкерді Мәскеулік «Динамо» шақырмақшы болған. Алғашында «Динамо» неміс футболының қыр-сырын білетін жаттықтырушы іздеді. Олар шабуылдаушы және агрессивті футбол көргісі келеді. Сондықтан, «Динамо» клубының басшылығы аға жаттықтырушы Кирилл Новиков қызметтен кеткеннен кейін Шпилевскийді шақыру нұсқасын қарастырды.
Алексей «Ред Булл Лейпциг» жастар жүйесінің мектебінен өткен. Сонымен қатар, Шпилевский екі тілде - ол орыс тілінде де, неміс тілінде де жақсы сөйлейді. Бір қызығы, қысқы оқу-жаттығу жиынында «Динамо» осы беларуссиялық маманның командасымен кездескен болатын. «Қайрат» олармен тең ойнады - 1:1.
Айтпақшы, сол матчтан кейін "Қайрат" ойыншылары «Динамо» командасының мақтауына ие болды. Команданың деңгейі төмен болса да Мәскеулік клубпен тең жағдайда ойнаған сияқты.
Бірақ таңдау «Майнцтың» бұрынғы жаттықтырушысы Шварцқа түсіп отыр. Сонымен қатар, клуб иесі Боранбаев «Қайрат» чемпионат көшбасшыларының қатарына еніп, басты қарсыласы «Астанадан» сегіз ұпайға озып кеткен сәтте Шпилевскийді жібере қоймас.
Еске салайық, екі клуб арасындағы текетірес елордалық футболшылардың жеңілісімен аяқталған болатын - 0:3. Мұның бәрі «Қайраттың» ұзақ уақыт ішінде алғаш рет чемпиондыққа үміткер екендігінің дәлелі. Түсіну үшін айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының соңғы бес маусымында алматылық команда мәреге екінші келді.
Біздің серіктес: FONBET