Алексей Шпилевский төрт матчқа шеттетілді

30.06.2020, 21:00
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Алексей Шпилевский төрт матчқа шеттетілді

Жақында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Комитет ұлттық чемпионаттағы алғашқы екі турдың бірқатар матчтарын қозғады.

Премьер-лиганың екінші турының «Шахтер» - «Қайрат» матчының бас төрешісіне қарсы дөрекі сөйлеу түріндегі спорттық емес әрекеті үшін алматылық команданың бас жаттықтырушысы Алексей Шпилевский 5 ойынға шеттетілді. Шешім Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік ережесінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды. ҚФФ Тәртіп ережелерінің 31-бабына сәйкес ол төрт ойыннан шеттетілді. Ал қалған бір матчқа дисквалификация "Қайраттың" футболдан ҚР Чемпионатындағы келесі ойынында автоматты түрде жүзеге асырылады, Алексей Шпилевскийге 3 ай сынақ мерзімін қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×