Алексей Шпилевскийдің Pari NN командасындағы жағдайы мәз емес

37 жастағы маман баптайтын ұжым РПЛ турнир кестесінің түбінде келеді.

Алексей Шпилевскийдің Pari NN командасындағы жағдайы мәз емес

Жалпы Нижний Новгород командасы өз жанкүйерін жеңіспен қуантпағалы қатарынан 9 матч болды. “Пари” қазан айында өткізген барлық кездесулерін сәтсіз аяқталды. Соның салдарынан ұжым Ресей чемпионатының аутсайдерлерінің бірі атанды. Маусым басын жақсы бастаған Алексей Шпилевскийді жергілікті жұрт клубтан қуып жатыр. Тіпті ЦСКА-мен болған соңғы кездесуден кейін БАҚ өкілдері баспасөз-мәслихатында бапкерден қашан орнын босататыны жайында сұраған болатын. Қарымта жауап қайтарар кезде Алексей өзің бақылауда ұстай алмай журналиспен біраз ырылдасып қалды.

37 жастағы Шпилевский негізі жақсы маман. Ол “Қайратпен” Қазақстан чемпионатын екі рет жеңді. Және ең қызығы, оның баптауымен “Арис” клубы өз тарихында алғаш рет Кипр элитасында үздік деп танылды. Осындай тәжірибесі бар Шпилевскийге уақыт берген абзал көрінеді. Келгені енді болған бапкерді жерден алып, жерге салу жергілікті жанкүйерлер тарапынан орынсыздау көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×