Бүгіннен, 4 наурыздан, бастап кері санағанда Бразилияда өтетін әлем чемпионатына тура 100 күн қалды. Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған осы бір ерекше күнде Англияның «The Daily Mail» басылымы әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшыны саралап шыққан екен. Енді біз соларды өзіміздің оқырмандарымызға таныстырғалы отырмыз...
Алдымен 100- 90 орындардағы аңыз ойыншылар.
100. Саид аль-Овайран (Сауд Арабия) 1994, 1998
Сауд Арабияның саңылақ ойыншысы. 1994 жылғы әлем чемпионатында Белгиямен Сауд Арабия құрамалары кездесті. Дәл сол ойында Овайран төрт бірдей қорғаушыны алдап өтіп гол соққан болатын. Оны әлемге тантып, Арабияның Марадонасы атандырған осы сәтте ол 70 метрден астам жерге доппен жүгіріп өткен екен.
99. Гари Армстронг (солтүстік Ирландия)1982
1982 жылғы әлем чемпионатында бір ойында бүкіл әлемге белгілі болды. Испан жерінде өтіп жатқан чемпионатта, отағасы құраманың қақпасынан саңылау тауып, өз командасын 1:0 есебімен жеңіске жетеледі.
98. Гиджа Альбердес Эдгардо (Уругвай)
1950 жылғы чемпионаттың ақтық финалы. Бразилияның айгілі "Маракана" стадионында Урагвай құрамасы отағасыларды 2:1 есібімен ұтып чемпион атанған сәтте, жергілікті 20 мың жанкүйердің қайғысына орай Бразил қақпасына соңғы гол соққан осы кісі болатын.
97. Томаш Скухравы (Чехсловакия) 1990
Бұрынғы Чехсловакияның осы бір еңсегей бойлы шабуылшысы 1990 жылғы Италия еліндегі чемпионаттың үздіктері қатарынан табылды. 1/8 финалда Коста-рика құрамасына қарсы ойында Хет-трик жасағаны бар.
96. Сократес (Бразилия) 1982, 1986
Бразилия командасының бір дәуірдегі капитаны. 1982 жылғы әлем чемпионатында оның керемет дәлдіктегі пастары барша жанкүйерді таңғалдырды.
95. Томас Бролин (Швеция) 1990, 1994
1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионаты Бролинді бар қырынан танытты. Чемпионатта үш гол соққан ол, соңында чемпионаттың символдық құрамасына енді. Оның бастауында Швеция командасы алдыңғы үштікті қортындыларды.
94. Герсон (Бразилия) 1966, 1970
1970 жылығы әлем чемпионы Бразилия құрамасының негізгі ойыншыларының бірі. Сол жолғы чемпионатта ол тек керемет пастарымен ғана есте қалған жоқ, ол чемпионаттың Пеледен кейінгі үздік ойыншысы(күміс доп иегері) атанды.
93. Томас Мюллер (Германия) 2010
Бұл ойыншы бізге жақсы таныс. 2010 жылы Оңтүстік Африка әлем чемпионатының Алтын кебіс (ең үзік сұрмерген) иегері.
92. Дидье Дашам (Франция) 1998
1998 жылы Францияның өз жерінде чемпион атануына үн-түнсіз үлес қосқан(атақ-даңықсыз) Дашам да әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі футболшы саналады.
91. Шандор Кочиш (Венгрия) 1954
1954 жылы Венгрия командасын ақтық сынға дейін жетелеген Кочиш бір өзі 11 гол соғып, чемпионаттың үздік мергені атанды. Бұнымен қатар чемпионаттың екінші үздік ойыншысы да атанды. Бұнда ол отандасы Ференц Пушкашқа ғана жол берді. Пушкаш чемпионаттың "Алтын доп" иегері атанған.
90. Эмилио Бутрагеньо (Испания) 1986, 1990
Бутрагеньо 1986 жылғы чемпионаттың нақ шебері ретінде танылды. Солтүстік Ирландияға қарсы ойында бар болғаны 65 секундта есеп ашты. Дания құрамансына қарсы ойында төрт бірдей гол соғып, төрткіл дүниені түгел таңғалдырды.
Жалғасы бар...
Қуанышхан ӨМІРХАН