Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшы (60-41)

11.03.2014, 23:37
Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшы (60-41)
4 наурыздан, бастап кері санағанда Бразилияда өтетін әлем чемпионатына тура 100 күн қалады. Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған осы ерекше күнде Англияның «The Daily Mail» басылымы әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшыны саралап шыққан болатын. Біз сол аңыз ойыншыларды өзіміздің оқырмандарымызға таныстыруды жалғастырамыз… Өткен бірінші, екінші , үшінші сандарымызда 100-61 аралығындағы футболшыларды таныстырғанбыз. Енді соның жалғасын ұсынып отырмыз…60-41-інші орындардағы аңыз ойыншылар бүгінгі санымызда: 60. Роб Ренсенбринк (Голландия) 1974, 1978 On the brink of greatness: Holland's Rob Rensenbrink (second right) takes on the Uruguay defence in 1974 Жетпісінші жылдардағы қапталмен шабуылдаудың хас шебері. Голландия командасы қатарынан екі кезек әлем чемпионатының финалына шықты. Ренсенбринк те екі кезек чемпионаттың символдық құрамасына енді. 59. Збигнев Бонек (Полша) 1978, 1982 Pole star: Poland striker Zbigniew Boniek is challenged by France's Gerard Janvion in 1982 1982 жылғы чемпионатта Полша командасы қола медалға қол жеткізді. Бонектің бейнесі де керемет болды. Ол сол кездегі Полша командасын өрге сүйреуші ретінде танылды. 58. Роналдиньо (Бразилия) 2002, 2006 Famous smile: Ronaldinho (right) celebrates with Cafu after that free-kick against England in 2002 Әлемнің болашақ жұлдызы 2002 жылғы әлем чемпионатында жарық етті. Англия командасына соққан әдемі айып добы оның атын бірден шығарды. 57. Габриэль Батистута (Аргентина) 1994, 1998, 2002 Rocking the baby: Gabriel Batistuta (centre) celebrates scoring a penalty past England's David Seaman (left) Үш мәрте әлем чемпионатына қатысқан Батистута қатарынан екі әлем чемпионатында хет-трик жасаған тұңғыш футболшы. 56. Диди (Бразилия) 1954, 1958, 1962 Long-range effort: Didi (third right) shoots against England in 1962 Ғасырымыз орта тұсынан ауған мезгілдегі Бразилияның үздік ойыншыларының бірі. Сол кездері оның атыПелемен  қатар аталды. 55. Оливер Кан (Германия) 2002, 2006 At full stretch: Oliver Kahn dives to his right to make a save in 2002, when he was awarded the Golden Ball Ол әлем чемпионатының "алтын добын" алғаш қақпашы(2002 жыл). Сол чемпионатта ол финалға дейін бар болғаны бір голды ғана өткізіп алған болатын. (финалда Бразилиядан 2:0 есебімен ұтылған.) 54. Джузеппе Бершоми (Италия) 1982, 1986, 1990, 1998 Acceptable in the Eighties: Giuseppe Bergomi as a Tom Selleck lookalike in the 1982 World Cup final Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан. Әлем чемпионатына қатысу бақыты оған бар болғаны 18 жасында-ақ бұйырған болатын. 53. Зико (Бразилия) 1978, 1982, 1986 Head and shoulders above the rest: Zico (left) was one of the finest players Brazil have ever had Зиконың алған ат-атағынан ат үркеді. Мәселен, Ақ нәсілді Пле! Әлем чемпионатын бағындырмаған доп патшасы! 1982 жылғы чемпионатта ол бастаған Бразилия құрамасы тарихтағы ең мықты құрама атанған болатын. 52. Давид Вилья (Испания) 2006, 2010 Villa spark: David Villa scores for Spain against Portugal in the last 16 in 2010 Вильяның да үздік ойыншы екенін бәріміз білеміз. 2010 жылы Оңтүстік Африка жеріндігі оның 5 голы "Қызыл империяны" финалға алып шыққан болатын. 51. Джанлуиджи Буффон (Италия) 2002, 2006, 2010 Glove story: Gianluigi Buffon kisses the trophy after Italy's shootout win in 2006 2006 жылы Италияның чемпион атануына сол еңбек сіңірген футболшы. Ол сол чемпионатта бар болғаны екі гол ғана жіберіп алған. 50. Лев Иванович Яшин (Бұрынғы кеңес одағы) 1958, 1962, 1966 Goalkeeping great: Lev Yashin pushes the ball acrobatically round the post during the 1966 World Cup in England 1958 жылы КСРО- командасын бастап әлем чемпионатыгның ширек финалына жетті, әрі өзі чемпионаттың символдық құрамасына енді. 1962 жылы оның командасы алдыңғы төттікке кірді. Яшин кейін UEFA-ның тарихтағы символдық құрамасының қатарын толықтырды. 49. Гжегож Лято (Полша) 1974, 1978, 1982 Running the show: Grzegorz Lato drives forward for Poland against Cameroon in 1982 Полша тарихындағы үздік ойыншылардың бірі. 1974 жылғы чемпионатта 7 гол соққан. Жалпы өзі қатсықан үш әлем чемпионатында Лято 10 голді өз еншісіне жазған. 48. Гордон Бэнкс (Англия) 1966, 1970 Super saver: Gordon Banks (left) somehow keeps out Pele's header in 1970 - it is one of the most iconic moments in World Cup history Бэнкс 1966 жылы әлем чемпионы атанды. Чемпионаттың символдық құрамасына да енді. Алайда, оның ел назарында қалуына әсер еткен уақиға төрт жылдан кейін туылды. 1970 жылғы чемпионатта ол Пеленің баспен бағыттаған пәрменді соққысын қағып шығарды. Міне, осы сәт Бэнксті бүкіл әлемге танытты. 47. Деннис Бергкамп (Голландия) 1994, 1998 Brilliant Orange: Dennis Bergkamp curls the ball round Carlos Roa (left) and into the net against Argentina in 1998 "Голландия ханзадасының" 1998 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина командасына соққан голы әлем чемпионаттарында соғылған ең әдемі голдардың бірі саналады. 46. Руди Феллер (Батыс Германия/Германия) 1986, 1990, 1994 Strength of the Voller: Rudi Voller slides in to score for West Germany against Yugoslavia in 1990 1986 жылғы финалда Фиоллер бір гол соққан болсада Батыс Германия командасы Аргентинадан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Алайда, араға төрт жыл салып екі команда тағыда финалда жолығады, бұл жолы Германия құрамасы төрт жылдың алдындағы кеткен есені қайтара білді. есеп 1:0. 45. Даниэль Альберто Пассарелла (Аргентина) 1978, 1982 Star in stripes: Captain Daniel Passarella holds the World Cup in 1978 after Argentina's triumph on home soil 1978 жылғы әлем чемпионы. Пассарелла мүмкін әлемдегі ең бір шабуылға бейім орталық қорғаушы болуы мүмкін. Олай дейтініміз, әлем чемпионатында 12 рет алаңға шыққан ол 3 гол соққан екен. Орталық қорғаушы үшін жоғары көрсеткіш деуге болады бұны. 44. Карл-Хайнц Румменигге (Батыс Германия) 1978, 1982, 1986 Triple threat: Karl-Heinz Rummenigge was West Germany's attacking spearhead at three World Cups Үш әлем чемпионатына қатысқан Румменигге 9 гол соққан. Оның ең керемет өнер көрсеткен әлем чемпионаты 1982 жылы болды. Сол чемпионатта ол 5 гол соғып, "күміс кебісті" алды. (екінші үздік сұрмерген) 43. Роже Милла (Камерон) 1982, 1990, 1994 Dancing feet: Roger Milla performs his famous celebratory shuffle after scoring against Colombia in 1990 1990 жылы 38 жасқа келген егде футболшы сол кезекті чемпионаттың көрігін қыздырды, гол да соқты. Ол әлемді таңғалдыруын осымен аяқтаған жоқ. Төрт жылдан кейін 42 жастағы Милла ел президентінің ерекше ұсынысымен АҚШ жеріндегі әлем чемпионатына тағы қатысты. 42. Ференц Пушкаш (Венгрия/Испания) 1954, 1962 Magnificent Magyar: Ferenc Puskas (left) shoots for Hungary in the 1954 World Cup final - eight years later he represented Spain at the tournament in Chile Әлем чемпионаттарына екі ел атынан қатысқан. 1954 жылы өз елі Венгрия құрамасын бастап финалға дейін жетті. Финалда голды да соқты. Өкініштісі, оның командасы Батыс Германияға жол берді. 41. Пауль Брайтнер (Батыс Германия) 1974, 1982 German hairo: Paul Breitner (right) celebrates West Germany's 1974 World Cup win with Gerd Muller Осы бір солақай футболшы екі мәрте әлем чемпионатына қатысып, екеуінде де финалға жетті. Екі чемпионатта да гол соқты. UTFA- ның тарихтағы символдық құрамасына енген.

Жалғасы бар...

Қуанышхан ӨМІРХАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×