4 наурыздан, бастап кері санағанда Бразилияда өтетін әлем чемпионатына тура 100 күн қалады. Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған осы ерекше күнде Англияның «The Daily Mail» басылымы әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшыны саралап шыққан болатын. Біз соларды өзіміздің оқырмандарымызға таныстыруды жалғастырамыз…
Өткен
бірінші, екінші сандарымызда 100-80 аралығындағы футболшыларды таныстырғанбыз. Енді соның жалғасын ұсынып отырмыз…79-61-інші орындардағы аңыз ойыншылар бүгінгі санымызда.
79. Реп Джонни (Голландия) 1974, 1978
Екі кезекті әлем чемпионатына қатысқан Джонни жалпы жеті гол соққан. Бүл енді Голландиялық футболшылар үшін ең жоғары көрсеткіш саналады.
78. Майкл Оуэн (Англия) 1998, 2002, 2006
Майкл әлем чемпионатында гол соққан ең жас Англиялық футболшы саналады. Оның атын шығаруға 1998 жылы Аргентина командасына соққан жалғыз голдың өзі жеткілікті болды.
77.
Хорхе Вальдано (Аргентина) 1982, 1986
Вальдано 1998 жылы Аргентинаның чемпион атануына зор үлесін қосты. Сол кезде оның соққан голы отандасы әйгілі Марадонадан ғана аз болыд. Олар финалда Батыс Германия құрамасын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осы үш голдың бірі Хорхенің есебінде.
76. Харальд Шумахер (Батыс Германия) 1982, 1986
Ол қатысқан екі кезекті әлем чемпионатында да Германия командасы күміс жүлдегер атанды. 1986 жылы чемпионаттың үздік үш ойыншысының бірі болып танылды.
75. Марсель Десайи (Франция) 1998, 2002
1998 жылғы чемпион Франция командасының үздік ойыншыларының бірі. Чемпионыттың символдық құрамасына енген.
74. Пребен Элькьер-Ларсен (Дания) 1986
Мексика жерінде өткен чемпионаттың символдық құрамасының мүшесі. Уругваймен болған ойында хет-трик жасады. Чемпионыттың үздік үштігін қортындылаған.
73. Давор Шукер (Хорватия) 1998, 2002
1998 жылы Шукердің бастауында Хорватия құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Ол өзі де чемпионаттың үздік ойыншыларының бірі атанды.
72. Микаэль Лаудруп (Дания) 1986, 1998
1986 жылғы әлем чнмпионатынан кейін араға 12 жыл салып, әлемдік сайысқа қайта оралған Микаэль чемпионаттың символдық құрамасының қатарын толықтырды.
71. Алекссандро Альтобелли (Италия) 1982, 1986
1982 жылы Италия командасы әлем чемпионы болды. Олар финалда Батыс Германияны 3:1 есебімен ұтқан болатын. Бұндағы бір голды Альтобелли өз есебіне жазды. Ал 1986 жылғы чемпионатта ол төрт гол соқты.
70. Руд Крол (Голландия) 1974, 1978
Қатарынан екі әлем чемпионатына қатысты, қатарынан екі чемпионаттың символдық құрамасына енді. Голландия қатарынан екі мәрте күміс жүлдеге ие болды.
69. Марко Тарделли (Италия) 1978, 1982
1982 жылғы әлем чемпионатының финалында гол соққан Тарделлидің қуанышты бейнесі сол кездегі жанкүйерлердің әлі есінен кеткен жоқ.
68. Михаэль Баллак (Германия) 2002, 2006
Баллактің бейнесі бәрімізге таныс десем артық айтқан болмаспын. "Герман машинасының" бір кездегі бастаушысы өзі қатысқан екі әлем чемпионатының да символдық құрмасына таңдалған.
67. Йохан Нескенс (Голландия) 1974, 1978
1974 жылғы әлем чемпионатынада бес бірдей голды өз еншісіне жазған Нескенс командасын бастап ақтық финалға дейін жетті.
66. Ян Кулеманс (Белгия) 1982, 1986, 1990
1982 жылғы чемпионатта әйгілі аргентинаны жеңген белгиялықтар 1986 жылы жартылай финалға жетті. Бұл Белгия футбол тарихындағы ең өздік нәтиже.
65. Леонидас (Бразилия) 1934, 1938
1938 жылы Франция жеріндегі чемпионатта жеті гол соққан Леонидас сол кезекті чемпионаттың ең үздік сұрмергені атанумен қатар ең үздік ойыншы атағын да иеленді.
64. Диего Форлан (Уругвай) 2002, 2010
Біз білетін соңғы әлем чемпионатының "алтын доп" иегері. Оңтүстік Африкада Уругвай командасы Форланның бастауында төрт мықтының қатарына қосылды. Форлан чемпионатта бес бірдей гол соқты.
63. Сальваторе Скиллачи (Италия) 1990
1990 жылғы әлем чемпионаты басталмас бұрын Сальваторе қатардағы ойыншы болатын, тіпті Италияның қосалқы құрамын толықтырып жүрген. Бірақ, ол өз жерінде өткен чемпионатта өзгеше мінез танытты, алты гол соққан го чемпионаттың ең үздік сұрмергені және ең үздік ойыншысы атанды.
62. Андрес Иньеста (Испания) 2010
Испаниялық "әппақ" та осы күнге дейінгі соңғы әлем чемпионатының қаһарманы. Финлда Инеста соққан жалғыз гол "қызл империяға" алғашқы чемпиондықты алып берді.
61. Христо Стоичко (Болғария) 1994, 1998
Сол кездегі "Барселонаның" шабуылшысы 1994 жылғы әлем чемпионатында әлемге танылды. Алты гол соққан ол Болгария командасын алдыңғы төрттікке жеткізді.
Жалғасы бар...
Қуанышхан ӨМІРХАН