Әлем футболындағы жаңалықтар

02.01.2014, 01:54
Әлем футболындағы жаңалықтар
Georgios Samaras grabbed a late winner for Celtic Шотландиялық «Селтик» командасының шабуылшысы Георгиос Самарас карьерасындағы ең елеулі ауысымдардың бірін жасауы мүмкін. Грек футболшысына ағылшындық "Халл Сити", испаниялық "Атлетико Мадрид" командалары қызығушылық білдіруде. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> José Manuel Pinto celebra un gol del Barcelona Каталондық Барселонаның екінші қақпашысы Хосе Мануэль Пинто жыл аяғында футбол жанкүйерлеріне жаңа қырынан көрініп қалуы ғажап емес. Барселона басшылығы Пинтоға қақпашылардың клубтық жаттықтырушысы болуға ұсыныс жасады. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> FOOTBALL 2013 Bastia - Djibril Cissé 2013 жылы ресейдің Кубань клубына ауысып, көпшілік жанкүйерді шулатқан қара маржан шабуылшы Джибрил Сиссе жаңа командада өзін толықтай көрсете алмай, басшылықтың көңілінен шыға алмаған болатын. 15 ойында 4 гол соғыпты бар-жоғы. Бұл шабуылшы үшін жақсы нәтиже емес. Енді міне, маусым ортасында Сиссе француздық «Бастия»-мен ортақ келісімге келіп, 1.5 жылдық келісім-шарт жасасты. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> Официально: Бертран Траоре – игрок «Челси»  - Футбол - Чемпионат Англии Лондондық "Челси" Буркина-Фасоның футболшысы 18 жасар Бертран Траоремен 4.5 жылдық келісім-шарт жасасты. Траоре Буркина-Фасо сапындағы ең алғашқы ойынын 2011 жылы 16 жасында өткізді. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> 17-летний Велков прошел медосмотр в «МЮ» - Футбол - Чемпионат Англии   Софияның "Славия" командасында ойнап жүрген 17 жасар қорғаушы Стефан Велков Манчестер Юнайтед командасына ауысып кемекші. Медициналық тексерістен өтіп жатырған болгар футболшысына ағылшындық Арсенал, туриндік Ювентус та қызығушылық танытып отыр. Велков орталық қорғаушы шебінде өнер көрсететін бойшаң қорғаушылардың бірі. Бойы- 1.91 метр. Өткен маусымда "Славия" командасының сапында 21ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған. Сонымен қатар, жас қорғаушы Болгарияның 21 жасар жастарының ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> Милевский расторг контракт с «Газиантепспором» - Футбол - Чемпионат Турции Украина ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Артем Милевский түркиялық "Газиантепспор" командасынан кетті. Қыркүйек айында бос ойыншы есебінде "Газиантепспор" командасына ауысып барған Артем жаңа командасымен 2016 жылға дейін келісім-шарт жасасқан болатын. 4 айда 9 рет ойынға шыққан шабуылшы 1 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түскен. Алайда, Артем командадан кететінін мәлімдеді. 11 жыл Динамо Киевте ойнаған шабуылшы 3 мәрте ел чемпионы атанған. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> Joleon Lescott finds it difficult to understand why Manchester City are struggling away from home Манчестер Ситидің қорғаушысы Джолеон Лескотт командадан кетуі мүмкін. Түркияның «Бешикташ» командасы Лескотты өз қатарларынан көргісі келетінін мәлімдеді. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>> Vezo Valencia «Валенсия» жаңа футболшымен толықты. 1994 жылғы португалдық қорғаушы Рубен Везо енді Испания біріншілігінде өз бағын сынап көрмекші. Рубен бұған дейін "Витория" командасында ойнаған. >>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>>   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×