Әлемде ең көп жалақы алатын футболшылар мен бапкерлер

09.02.2020, 22:02
Әлемде ең көп жалақы алатын футболшылар мен бапкерлер

Францияның L'Equipe спорттық басылымы футбол әлемінде ең көп жалақы алатын футболшылар мен бапкерлер тізімін жариялады. Айта кетерлігі айлық көрсеткіші салық төлемінен бұрын есептелген. Яғни, салық төлеген соң бұл сомма азаяды.

Футболшылар арасында "Барселона" капитаны Лионель Месси көш бастап тұр. Аргентиналық айына 8,3 миллион еуро алады. Екінші 4,5 млн. еуро табатын "Ювентус" шабуылшысы Криштинау Роналду. Үштікті бразилиялық Неймар (3 млн) түйіндейді.

Одан кейін Антуан Гризманн (2,9 млн), Луис Суарес (2,9 млн), Гарет Бэйл (2,5 млн), Эден Азар (2,5 млн), Килиан Мбаппе (1,9 млн) тұр.

АПЛ-да ең көп жалақыны "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид де Хеа алады екен. ( айына 1,76 млн еуро). Германияда бұл көрсеткіш қос "Бавария" ойыншысы Роберт Левандовски мен Филиппе Коутиньоға тиесілі (екеуі де 1,66 млн ).

https://youtu.be/yOLnRmtXYAg

Ал бапкерлер арасында Диего Симеоне (3.6 млн еуро) бірінші орында. Екінші сатыға "Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиола (1.94 млн), үшінші сатыға Жозе Моуриньо (1.46 млн) жайғасқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×