Әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімі жарияланды

01.08.2020, 15:04
Үздік ондыққа тек 3 футбол клубы ғана кірді.
Әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімі жарияланды

Форбс журналы бойынша Испанияның «Реал» және «Барселона» футбол клубтары, сондай-ақ Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы әлемдегі ең қымбат спорт клубтарының ондығына кірді, деп хабарлайды РИА Новости.

4,24 миллиард долларға бағаланған «Реал Мадрид» тізімде алтыншы, «Барселона» (4,02) сегізінші, ал «Манчестер Юнайтед» (3,81) алғашқы ондықты аяқтады.

Рейтингтегі бірінші орынды НФЛ (американдық футбол) «Даллас Ковбойс» клубы иеленді (5.5).

Толық ондық келесідей:

1. "Даллас Ковбойс" (НФЛ) - 5,5 миллиард доллар;

2. "Нью-Йорк Янкис" (MLB, бейсбол) - 5;

3. "Нью-Йорк Никс" (НБА) - 4,6;

4. "Лос-Анджелес Лейкерс" (НБА) - 4,4;

5. "Голден Стэйт Уорриуорз" (НБА) - 4,3;

6. "Реал" (футбол) - 4.24;

7. "Нью-Инглэнд Пэтриотс" (НФЛ) - 4.1;

8. "Барселона" (футбол) - 4,02;

9. "Нью-Йорк Джайнтс" (НФЛ) - 3,9;

10. "Манчестер Юнайтед" (футбол) - 3,81.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×