Альфонсо Дэвис жарақатына байланысты жыл соңына дейін ойнай алмайды

25.10.2020, 18:40
Алаңға 2021 жылы бір-ақ шығуы мүмкін.
Альфонсо Дэвис жарақатына байланысты жыл соңына дейін ойнай алмайды

Германия чемпионатының 5-турында "Айнтрахтпен" (5:0) өткен матчта жарақат алған "Баварияның" 19 жастағы канадалық қорғаушысы Альфонсо Дэвис екі ай бойы командасына көмектесе алмайды.

Cbc.ca сайтының хабарлауынша, Альфонсо Дэвис тобықтағы байламын жарақаттап алған. Қалпына келу үшін алты-сегіз апта қажет. Осылайша, ойыншы 2021 жылға дейін алаңға шықпауы мүмкін.

2019/2020 жылғы маусымда 45 миллион еуроға бағаланған Альфонсо Дэвис "Бавария" сапында 46 кездесуге қатысып, онда 3 гол және 10 нәтижелі пас берген. Ол Мюнхендік клубқа 2019 жылдың қаңтарында Канаданың "Ванкувер" клубынан 10 миллион еуроға ауысып келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×