Алғашқы турларда фавориттердің өзара кездескені дұрыс емес... Сарапшылар ҚПЛ күнтізбесін сынға алды

Бүгін, 11:52

Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлымен сұхбатында ҚПЛ-2026 алғашқы үш турының кестесіне қатысты ойын айтып, бағасын берді.

Алғашқы турларда фавориттердің өзара кездескені дұрыс емес... Сарапшылар ҚПЛ күнтізбесін сынға алды
"Ақтөбе" - "Қайрат" кездесуі

Отандық маман, ЖИ жасап берген календарьда олқылық кеткенін алға тартты.

«Жасанды интеллект футболға да кіріп жатыр. Одан қаша алмаймыз. Премьер-лиганың кестесін жасауға қолданыпты. Алайда, оған ақпарат салып, тапсырма беретін адам емес пе? Биылғы ҚПЛ-де «Ақтөбенің» кестесі бірден көзге түседі. Мұнда ЖИ қателікке бой алдырған секілді көрінді. Неге дейсіз бе? Жасанды интеллект «ақ-қызылдардың» алғашқы 3 турдағы қарсыластарының өткен чемпионат жүлдегерлері екенін ескермеген болып тұр ғой. Былтыр «Ақтөбе» 5-орын алды, бірақ турнирді «Тобыл», «Қайрат» және «Елімаймен» бастағалы жатыр. Алғашқы турларда фавориттердің өзара кездескені дұрыс емес. Интрига да кетіп қалуы мүмкін, сапаға да әсері бар. Одан кейін ертең Еурокубоктер басталғанда ше? Еуро іріктеулер басталғанда клубтар мықты командалармен кездескісі келмейді. Біреулерге кесте жап-жақсы, енді біріне олай дей алмайсың. Қалай дегенде де, бәрі де чемпионаттың басын сәтті бастағысы келеді. Алайда, не десек те күнтізбе дайын, енді әркім соған сай дайындалуы керек», - деді Б. Есмағамбетов.

Премьер-лиганың бірінші 3 турында «Ақтөбе» былтырғы ТОП-3 командаларымен жолығады. Сондай-ақ, «Жетісу» клубы да өткен біріншіліктегі жүлдегерлерге қарсы тұрмақ.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×