Алғашқы гол соғылды

05.06.2011, 18:42
Алғашқы гол соғылды
Біз жеңісті ұмытқалы қашан? Бір жарым жыл. Алаңдағы 500 минут. Біз бүгінгі жеңісті осыншама уақыт күттік.  Соңғы рет қай ойында басым түскеніміз есімізде жоқ. Сербияны ұтқан кез әзірге жанкүйер жадынан өшкен жоқ. Міне, сол жеңістің оты  бүгін «Астана Арена» төрінде қайта лаулады. Біз Андоррамен өткен ойындағы нәтижені есепке алып отырған жоқпыз.  Себебі «мәңгі аутсайдерді» жеңу Лихтеншетейн немесе Люксембург тіпті тәжік, қырғыз ағайындардың қолынан келер еді. Әзірбайжанды ұту бөлек әңгіме. Қазақстан – Әзірбайжан – 2:1 Голдар: Гридин 57 (1:0), Надыров 63 (1:1), Гридин 68 (2:1) Ескерту: Шмидтгаль 77 Қазақстан: Нестеренко, Логвиненко (Рожков 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (К), Гетериев, Сымақов, Щмидтгаль, Хайруллин (Киров 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко 79) Қосалқы құрам: Сидельников, Мұжықов, Көкеев, Байжанов Әзірбайжан: Агаев, Меликов, Садигов, Джавадов, Алиев (Гусейнов М 70), Садыгов (к), Гусейнов Д (Надыров 61), Медведев, Левин, Исмайлов Қосалқы құрам: Велиев, Амирджанов, Чертоганов, Гусейнов В, Амиргулиев Бас төреші: Юан Норрис (Шотландия) 3 маусым. «Астана-Арена» Әзірбайжанды қалайда ұтамыз деген бас бапкер Беранек өзіне сенімді болса керек. Ал жігіттер жасыл алаңның шаңын шығарды. Беранекке алғыс.  Алаңдағы тактиканың қазығын нық қадапты.  Қақпаның кілтін «жетісулық» Нестеренкоға тапсырған.  Ортаға Генрих Шмидтгель , Казбек Гетериев және біріншіліктің сұрмергені Марат Хайруллинды  жіберіпті.  Самат Сымақовтың да жаңа тынысы ашылған. Бұ бір, яғни жеңіске бастар тактика. Екіншіден, Беранек «Тобылдағы» Сергей Гридинді «тапты».  Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынында қос доп соққан Гридин қазақ футболының жаңа жұлдызы болса деген тілек те бар. Бұл футболшы бұрынғы бапкерлердің назарынан тыс қалып жүрген талант екеніне көз жетті. Үшіншіден, Ұлан Қонысбаевтың алаңдағы ойқасы да жанкүйер намысын жаныды.  Нұрдәулетов капитандық қызметтің жүгін абыроймен көтергенін де көрдіңіз. Остапенко ойынында бас бармақпен бағалары анық. Бір сөзбен айтқанда, қазақ жанкүйерінің жүрегіне қайта үміт оты лаулады. Сенім ақталды. Ойында Алаш құрамасының басымдылығы көзге ұрып тұрды. Беранек бапкердің шәкірттері қонақтар қақпасына 4 соққы бағыттаса, Әзірбайжан 1 рет қауіп төндірген. Осы бір нәтижелі соққы біздің қақпада гол боп тулады.  Қазақтар 10 рет Әзірбайжан айып алаңына бас сұқса, қарсыластарымыз 6 рет біздің айып алаңға кірген.  Біз 4 мәрте бұрыштан доп асырсақ, қонақтар мұндай бақытқа тек  3 рет ие болыпты. Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:  «Қолдау көрсеткендеріңізге мың алғыс. Біз бүгін жеңіске жетіп қана қоймай нағыз футбол үлгісін көрсеттік. Шәкірттерімнен алаңда жанын салып ойнауды өтіндім. Өтінішімді орындады. Берти Фогтс, Әзірбайжан құрамасының бас бапкері: «Мойындаймын. Қазақстан бүгін бізден мықты ойнады. Қазақтар нағыз футболдың көркін қыздарар ойын көрсетті. Біздің күшіміз ойын соңына дейін жетпеді» Қазақ футболы өз құрамын, өз ойынын, өз бапкерін тапқандай. Бірақ осы қуанышымыз сағымға айналмаса. Келесі матчтарда осы мәнерді жоғалтып алмасақ екен деген ой ғой біздікі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×