Әли Әлиев: «Чемпионат ойындары арқылы Конференция лигасының матчтарына дайындалатын боламыз»

27.06.2022, 21:19
Әли мырза «Тобылдың» мүлдем мүмкіндік жасай алмағанын айтты.
Әли Әлиев: «Чемпионат ойындары арқылы Конференция лигасының матчтарына дайындалатын боламыз»

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Әли Әлиев Премьер-лиганың 15-туры аясында «Тобылға» қарсы өткен ойынды (1:3) қорытындылады:

- Біз жеке қателіктер жіберіп, соның салдарынан қақпамызға гол жіберіп алдық, ал «Тобыл» ештеңе жасамады. Командадағы жігіттерге барын салып ойнағаны үшін және қорғаныста жатпай, шабуыл жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қағаз жүзінде «Тобыл» фаворит болуы мүмкін, бірақ алаңда не болғанын бәріміз көрдік. Есеп 1:1 болған кезде VAR араласып, қақпамызға пенальти белгіленді - қостанайлық ойыншылар жеңілдікке ие болды. Жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бізге аздап шеберлік жетіспеді. Чемпионат ойындары арқылы Конференция лигасының матчтарына дайындалатын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×