Әли Әлиев елордалық клубтың бас бапкері атанды

06.04.2022, 19:22
«Жеңіс» клубы биыл Бірінші лигада бақ сынайды.
Әли Әлиев елордалық клубтың бас бапкері атанды

Елордалық «Жеңіс» бас бапкер қызметіне 41 жастағы қазақстандық маман Әли Әлиевтің тағайындалғанын хабарлады.

Еске салайық, өткен маусымда «Жеңіс» Егор Азовскийдің жетекшілігімен Екінші лигада өнер көрсетіп, Бірінші лигаға жолдама алған болатын.

Жаңа бас бапкер болып тағайындалған Әлиев бапкерлік мансабын 2018 жылы «Қызыл-Жар» сапында бастаған. 2019 жылы ол петропавлдық клубпен Бірінші лигада топ жарды. 2021 жылдың басында Әлиев қарағандылық «Шахтерді» тізгіндеді, бірақ 3 айдан кейін қызметінен кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×