Әли Әлиев: «Мені еш себепсіз командадан кетіруге тырысты»

03.09.2021, 00:23
Әлиевтің басшылығымен «Астана Жастар» 8 матчта 7 рет жеңіске жетті.
Әли Әлиев: «Мені еш себепсіз командадан кетіруге тырысты»

«Астана Жастар» командасының бас бапкері Әли Әлиев Meta-ratings.kz сайтына оны клубтан қалай алып тастауға тырысқандарын айтты.

Әлиевтің басшылығымен «Астана Жастар» 8 матчта 7 рет жеңіске жетті. Ал доп айырмашылығы 30-3 құрады.

- Әли Ханәліұлы, жақында БАҚ-та сіздің «Астанадан» кетуіңіз туралы ақпарат пайда болды. Содан кейін клуб мәлімдеме жасап, сізді ешкім жұмыстан шығармағанын айтты. Бірақ жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Айтыңызшы, бұл әңгімелердің негізі бар ма?

- Иә, мені жақында спорт директоры Ғани Қайназаров шақырып, маған өз еркіммен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсынды. Мен себебін сұрадым, олар маған жаттығу процесі мен команданың ойынына, нәтижеге шағымдары жоқ екенін айтты. Соған қарағанда, басқа себебі бар секілді

- Қандай? Сізді командаға Давид Лорияның шақыруы себеп болды ма?

- Мен қазбалап сұрамадым. Мен үшін жаттықтырушы ретінде спорттық критерийлер бойынша берілетін баға маңызды болды. Егер бұл команданың ойыны мен жұмысымның сапасы туралы болса, тіпті дауласпас едім. Бірақ менің жұмысым жоғары бағаланды, сондықтан егер олар осылай шешсе, онда менің келісім-шартым бар деп жауап бердім. Мен командадан тек заң жүзінде кетемін.

- Ары қарай не болады?

- Мен одан алдағы жоспарлары туралы сұрадым, олар маған шешімнің кейінірек қабылданатынын айтты, мен әзірше өз қызметімді жалғастырамын. Келесі ойынға дайындық жасаудамын. Жалғыз нәрсе, бұл жағдай командадағы микроклиматқа өте қатты әсер етті, штабтағы жігіттер арасында қобалжу болды, бұдан әрі не боларын білмеймін. Олар да басқа адамдар секілді әлеуметтік желідегі ақпараттарды оқиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×