Әли Әлиев: «Сексен тоғызыншы минуттағы гол ойынның шарықтау шегі болғандай» 

06.09.2022, 15:54
Петропавлдық клуб соңғы минутта бір ұпайдан айырылып қалды.
Әли Әлиев: «Сексен тоғызыншы минуттағы гол ойынның шарықтау шегі болғандай» 

«Қызыл-Жар СК» бас бапкері «Ақтөбемен» өткен матч (0:1) жайлы ойымен бөлісті: 

 — Ең алдымен, Қостанай облысында қазір болып жатқан ситуацияға байланысты қолдау білдіргім келеді. Бекем болсын дейміз, олар жалғыз емес. Біз бәріміз біргеміз. Қостанайлықтар үшін моральдық қолдау қазір аса маңызды.

Ойынға келсек, «Ақтөбе» футбол клубы бүгін жанкүйерлердің ерекше қолдауына ие болғанын айта кету керек. Мұндай қысымға шыдау әсте оңай емес. Алайда бұл — біздің чемпионаттың сәні және көркі. Стадиондағы аура — бүгінгі нәтиженің басты факторы болды. Өкінішке қарай, біз ақтөбеліктердің толассыз шабуылдарына төтеп бере алмадық. Бірақ біз қарсыластың қаншалықты мықты екенін және ойынды құрастыру барысында қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланатынын білдік.

Бірінші таймда бізде екі мүмкіндік болды, жүзеге асыра алмадық. Екінші таймда күшімізді көп жұмсап, жұмсақ газонда сенімсіз ойнай бастадық. Сапалы мүмкіндіктер жасауға тырыстық. Ашық ойын өрбіді. «Ақтөбе» 89-минутта гол соқты. Бұл ойынның шарықтау шегі болған да шығар. Рикошеттен кейін доп Гоудың аяғына келіп, ол өзінің туа біткен шабуылшы екенін дәлелдеді. «Ақтөбені» және оның жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×