Әли Әлиев «Шахтерді» жаттықтыруы мүмкін

18.01.2021, 19:40
Әлиев 2019 жылы «Қызыл-Жарды» Премьер-лигаға шығарған еді.
Әли Әлиев «Шахтерді» жаттықтыруы мүмкін

Әли Әлиев "Шахтер" командасының жаңа бас бапкері болып тағайындалады. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында хабарлады.

Бұл бұрыннан бері талқыланып келе жатқан мәселе екендігі атап өтілді. Клуб директоры Ерлан Уразаев 2019 жылы "Қызыл-Жар СК" клубын баптаған 40 жастағы Әлиевке сенім артады.

Өткен жылы қарағандылық клубты тағы бір қазақстандық маман, 44 жастағы Константин Горовенко жаттықтырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" өткен маусымды төртінші орынмен аяқтап, УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасына жолдама алды. "Қайрат" ел чемпионы атанды, "Тобыл" екінші, "Астана" үшінші орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×