Әли Каванимен кездесті

10.11.2018, 00:23
Әли Каванимен кездесті
Астаналық Әли Тұрғанбековты қазір әлем таниды. Туғаннан екі аяғы жоқ жеткіншектің өмірге деген құштарлығы мен асқақ арманы бар. Ол футболды жақсы көреді және әлемдегі айтулы футболшылармен кездесуді қалайды. Әли Парижде футболдағы кумирі Каванимен кездесіп, доп ойнады. ПСЖ шабуылшысы 10 жастағы мүмкіндігі шектеулі баланың жанкешті қимылына риза болып, өзінің жүрекжарды лебізін әлеуметтік желіде қалдырыпты. Әли Неймармен де суретке түсті. Баланың асқақ арманын орындауға ПСЖ клубының қайырымдылық қоры ұйымдастырыпты. Әли Тұрғанбековтың арманын орындаған Эдинсон Кавани талайлардың жүрегіне жылылық шашқаны белгілі. Уругвай құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы жасыл алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Кавани «голден фут» жүлдесінің иегері атанды. Футболшы Роналду, Месси және Суарес секілді сайыпқырандардың алдын орады. Бұл атақ жасы 28-ден асқан, футболда жетістікке жетіп, табысқа кенелген ойыншыларға беріледі. Жеңімпаз атанған футболшы дәстүр бойынша Монакодағы чемпиондар аллеясында аяғының ізін қалдырады. Эдинсон Кавани ПСЖ шабуылшысы - Осындай құрметке бөленіп жатқаныма қатты қуанып тұрмын. Мұндай марапатты алу зор мәртебе. Сондықтан оны мақтан тұтамын. Бұл еңбегімнің жеміс деп білемін. Кавани жасыл алаңдағы жолын Уругвайда бастады. Жергілікті «Данубио» клубында футбол әліппесімен танысқан ол сосын Еуропаға сапар шекті. Италияның «Палермо» және «Наполи» командаларында доп тепті. Қазір Францияның "Пари-Сен-Жермен" клубында сұрмерген шабуылшы болып жүр. Өткен маусымда Кавани ПСЖ командасының тарихындағы ең үздік мерген футболшы атанды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×