Алисон Беккер - «Ливерпуль» тарихында гол соққан алғашқы қақпашы

17.05.2021, 18:46
Алисонның бұл голы «Ливерпульді» үздік төртікке жақындатты.
Алисон Беккер - «Ливерпуль» тарихында гол соққан алғашқы қақпашы

"Ливерпуль" Премьер-лиганың 36-туры аясында "Вест Бромвич Альбионмен" өткен матчта (2:1) жеңіске жетті. Жеңісті голды мерсисайдтық клубтың қақпашысы Алисон Беккер соқты.

28 жастағы бразилиялық "Ливерпуль" тарихында ресми матчта гол соққан алғашқы қақпашы атанды, деп хабарлайды Opta Sport.

Алисон Беккер "Ливерпульмен" 2018 жылдың жазында алты жылдық келісім-шартқа отырды. Мерсисайдтық клуб оның трансфері үшін "Ромаға" 72,5 миллион еуро төледі, бұл оны футбол тарихындағы ең қымбат қақпашы етті. Бірақ бірнеше аптадан кейін бұл рекордты Кепа Аррисабалага жаңартты.

Юрген Клопп шәкірттері 36 ойында 63 ұпай жинады және Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. "Вест Бромвич" (26) он тоғызыншы орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×