Алисон Беккердің әкесі қайтыс болды

26.02.2021, 02:06
Бұл қасахана жасалған іс-әрекет болуы да мүмкін.
Алисон Беккердің әкесі қайтыс болды

«Ливерпуль» қақпашысы Алисон Беккердің отбасында қайғылы жағдай орын алды, деп жазды журналист Карлос Ласерда өзінің Twitter парақшасында.

Футболшының әкесі Жозе Беккер бір күн бұрын өз меншігіндегі аумақта орналасқан су қоймаларының біріне барған, содан кейін ол суға түсіп, жоғалып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар тобы шақырылды, біраз уақыттан кейін олар қараңғы түскендіктен іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Таңертең Жозенің өлі денесі табылды. Өлімнің себебі әлі нақтыланбады.


Жозе Беккердің Алисоннан басқа тағы бір ұлы бар, ол да қақпашы ретінде өнер көрсетеді - 34 жастағы Муриэл «Флуминенсенің» намысын қорғайды.

Алисон бұған дейін «Манчестер Сити» және «Лестер Ситимен» болған матчтардағы қателіктері үшін үлкен сынға ұшыраған болатын. 28 жастағы бразилиялық қақпашы «Ливерпуль» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді және оған дейін «Рома» мен «Интернасьональ» клубында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×