Алкоголь өнімдерін тұтынуға тыйым салынады

05.04.2025, 21:15

2034 жылы Сауд Арабиясында өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде алкоголь өнімдерін тұтынуға тыйым салынады. Бұл туралы халықаралық ақпарат көздері хабарлады.

Алкоголь өнімдерін тұтынуға тыйым салынады

Сауд Арабиясы – шариғат заңдарына негізделген Ислам мемлекеті, мұнда алкоголь сатуға, тасымалдауға және ішуге заң жүзінде қатаң тыйым салынған. Осыған байланысты, турнир ұйымдастырушылары әлем чемпионаты барысында бұл ережені өзгертпейтінін растады.

Бұл шешім бұрынғы чемпионаттардан өзгеше. Мысалы, 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионаты кезінде де алкогольге шектеулер қойылғанымен, арнайы аймақтарда шетелдік жанкүйерлерге рұқсат берілген еді. Алайда Сауд Арабиясында мұндай аймақтар болмайды деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге мәдени ерекшеліктерді құрметтеуді және жергілікті заңдарға бағынуды сұрап отыр. Сонымен қатар, әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздік пен тәртіп басты назарда болады деп айтылды.

                                              Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×