Аллеф Де Андраде Родригес «Атырау» ойыншысы атанды

24.07.2021, 18:00
Шабуылшы соңғы командасы үшін 43 матчқа қатысып, 15 гол соққан.
Аллеф Де Андраде Родригес «Атырау» ойыншысы атанды

"Атырау" футбол клубының құрамына 26 жасар бразилиялық шабуылшы Аллеф де Андраде Родригес қосылды.

Спорттық мансабын бразилиялық "Санта Круз" командасында бастаған футболшы "Петролина", "ФФ Спорт", "Конфиансе" командаларында өнер көрсетті. 2017 жылы Португалияның "Витория Сетубал" клубына ауысқан Аллеф екі маусымнан кейін Калининград қаласының "Балтика" командасына косылды. Ресейлік команда қатарында 43 ойын өткізіп, 15 гол соғып, "Текстильщик" командасына карсы ойында хет-трик авторы атанды.

Аллеф "мұнайшылар" сапында 99 нөмірмен өнер көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×