Алмат Бекбаев: “Ойынды Шымкенттегі футбол барларының бірінде көретін боламын”

Қазақстан Кубогының жеңімпазы Алмат Бекбаев Aladop.kz тілшісі Мұхаммедқали Көбеевке “Қайрат” - “Реал” кездесуінен күтетін болжамымен бөлісті.

Алмат Бекбаев: “Ойынды Шымкенттегі футбол барларының бірінде көретін боламын”

Ертең қазақ футболы үшін маңызды күн! Себебі, алматылық “Қайрат” командасы өз алаңында мадридтік “Реалды” қонақ қылады. Аталған ойын елорда уақытымен сағат 21:45-те басталады. 

Осы орайда, біздің портал “Ордабасы” командасымен 2010/11 жылғы маусымда Қазақстан Кубогы иегері атанған экс-қақпашы Алмат Бекбаевтың болжамын сұрап көрді.

  • “Реал” футболшыларына ұзақ жол әсер етуі мүмкін. Одан кейін, Орталықтағы алаңның сапасы да Мадридтен келген жігіттердің оңай олжаға кеңелуіне кедергі болуы ғажап емес. Сол себептен, ертеңгі ойында матч есебі: 2:1 немесе 3:1 болып аяқталуы мүмкін. “Қайрат” ұтылады деп ойлаймын. Бірақ бастысы “Қайрат” гол соғады. Осыған дейінгі ойындарда жақсы нәтижелерге қол жеткізген команда "кураж" ұстап, шабуылда бір нәрсе ұйымдастырады. Өйткені “Қайрат” “Реалмен” жыл сайын ойнап жатқан жоқ. Жалпы өзім Мадрид командасының жанкүйерімін. “Қайратқа” да қолдау көрсететін боламын. Қазақстандық команда болған соң, жаным ашитыны бар. Не болса да, “Қайратқа” сәттілік! 
     
  • Билет жағынан… Өзім барлық адамдар сияқты сайтты күтіп, сатып алам ба деп едім. Сатып ала алмадым. Мүмкін, жемқорлықтың кесірі болар. Стадионнан ойында көре алмаймыз өкінішке орай. Матчты Шымкенттегі футбол барлардың бірінде көремін деп жоспарлап отырмын”. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×