Петропавлдық «Қызыл-Жар» 37 жастағы қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаевтың командадан кеткенін хабарлады.
«Рахмет, Алмат! Біз Алмат Бекбаевқа маусым үшін, көрсеткен қолдауына және алға қойған міндеттерді шешуге жан-жақты ықпал еткен көшбасшылық қабілеттері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз», - деп жазады петропавлдық клубтың баспасөз қызметі.
Алмат Бекбаев «Қызыл-Жарға» осы жылдың ақпан айында ауысып келген болатын. Содан бері 3 ойынға қатысып, 5 гол жіберіп алды.
Қақпашы Премьер-лигада бас-аяғы 131 матч өткізіп, 140 мәрте өз қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болған.
Бұған дейін Алматтың «Мақтааралға» ауысатыны туралы ақпараттар пайда болған еді.
Біздің серіктес: FONBET