Алматы қаласының екі дүркін чемпионы Бірінші лигаға қатысуы мүмкін

Тимур Сегізбаев атындағы СТС командасы ел чемпионатындағы жорығын Бірінші лигада бастауы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Алматы қаласының екі дүркін чемпионы Бірінші лигаға қатысуы мүмкін

ҚР футбол орталықтары арасында 2024 жылғы чемпионат жеңімпазы келесі жылы өз бағын Бірінші лиганың мықтыларымен сынап көруі мүмкін. Команда әуесқой деңгейде біршама жетістікке жетіп, кәсіби команда атағын алуға барын салып келеді. 

STS клубын КMF банкі қаржыландыруда. Соның арқасында команда осы жылдың тамыз айында Қытайдың Сычуань қаласына барып, жергілікті командалармен жолдастық кездесу өткізіп келді. 

Егерде команда өзінің Бірінші лигада өнер көрсете алатын әлеуеті бар екенін Федерацияға дәлелдей алса, онда Алматыдан AKAS орнына дәл осы STS клубы еліміздің екінші деңгейлі чемпионатына қатысады. Бір қызығы Сегізбаев атындағы клуб кәсіби жорығын Екінші емес Бірінші лигада бастайтын бірегей ұжымдардың бірі болмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Алматы
Aladop Youtube
×