Кирилл Морунов бастаған бапкерлік штаб қызметінен кетті.
35 жастағы Кирилл Морунов SD Family клубына 2024 жылдың 24 қараша айында қызметке келген болатын. Содан бері жаттықтырушы команда сапында 17 ойын өткізіп, 7 жеңіс, 1 тең ойын, 9 жеңіліс тапты.
Команда өз бапкерлерімен екі жақты келісім арқылы жұмысты тоқтатты.
Айта кетейік, SD клубы Бірінші Лигасы аясында бүгін “Оңтүстік Академиясында” қонақта болады. Шымкенттегі “Намыс” стадионында болатын кездесу сағат 17:00-де басталады деп жоспарланған.
Ішкі чемпионатта екінші деңгейлі біріншілікте SD Family командасы 16-тур қорытындысы бойынша 19 ұпаймен турнир кестесінде 10 орыгда келеді.