30 қыркүйек күні Алматының спорт тарихына алтын әріппен жазылатын оқиға орын алды. Қаланың басты стадионында "Қайрат" пен әйгілі "Реал" Чемпиондар лигасы аясында кездесіп, бұл ойынға мыңдаған жанкүйер жиналды.
Осы тарихи күн Алматы метрополитені үшін де айрықша есте қалды. Қаланың жерасты көлігі тәулігіне 142 932 жолаушыны тасымалдап, өзінің бүкіл жұмыс тарихындағы жаңа рекордын жаңартты. Бұған дейін мұндай көрсеткіш тіркелмеген.
Көптеген жанкүйерлер стадионға жету және ойыннан кейін үйлеріне қайту үшін дәл осы метроны таңдады. Бұл жағдай бір жағынан Алматылықтардың қоғамдық көлікке деген сенімін, екінші жағынан метрополитеннің ірі іс-шараларда қаланың қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызын көрсетті.
Метрополитен басшылығы тұрғындарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да қызмет сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға күш салатынын жеткізді.