Алматы зообағындағы піл соңғы айларда қала көріпкелі болып үлгерді. Шілде айынан бастап ол түрлі спорттық матчтардың нәтижесін болжаумен айналысып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді.
Әдетте піл жергілікті команданың яғни "Қайраттың" жеңісін болжайтын. Бірақ бүгінгі тарихи ойын – "Қайрат” пен "Реал” арасындағы кездесуіне жануар тосын таңдау жасады.
Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, піл бұл жолы жеңісті "Реал Мадридке” берген екен.
Бұған дейін әлемде спорттық оқиғаларды болжаған жануарлар арасында әйгілі мысал ретінде Пауль атты сегізаяқты еске алуға болады. Ол 2010 жылғы әлем чемпионаты кезінде Германиядағы аквариумда матчтардың нәтижесін дәл тауып, ғаламдық сенсацияға айналған еді. Енді соның Қазақстандық баламасы ретінде Алматылық пілдің аты жиі аталуда.
Қалай болғанда да, Алматыдағы піл Чемпиондар лигасының ерекше атмосферасын айшықтап, футбол мерекесіне өзінше үлес қосып отыр. Енді бар мәселе – оның бүгінгі таңдауы орындала ма, жоқ па деген сұрақта.